Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Буркино-Фасодағы "Стамбул" мейрамханасында 17 адам қаза тапты

AstanaTV
14.08.2017ж. 20:00
2188
Буркино-Фасодағы "Стамбул" мейрамханасында 17 адам қаза тапты

Буркино-Фасодағы "Стамбул" мейрамханасына шабуыл жасалды. Белгісіз адамдар Уагадугу қаласындағы мейрамхана қонақтарын оқпен атқылаған. 17 адам қаза тауып, 11 адам жараланды.

Олардың арасында шетелдіктер бар. Қаза тапқанның бірі түрік азаматы деген ақпарат бар. Көліктен түскен үшеу мейрамхананың террасасында отырғандарға оқ атқан. Жергілікті полиция дереу оларды ұстауға кіріскен. Рейтерс агенттігінің хабарлауынша, олардың көздері жойылған. Оларды джихадшылар, деп жазады ақпарат құралдары. Бірақ әзірге ешбір лаңкестік ұйым қылмыстық оқиғаны мойнына алған жоқ.