Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Мексикада аяғы ауыр 6 әйел зика безгегін жұқтырды

AstanaTV
17.02.2016ж. 20:00
1460
Мексикада аяғы ауыр 6 әйел зика безгегін жұқтырды

Зика безгегі көрші Қытайға да жетті. Бүгін күдікке ілінген екінші науқас анықталды. Вирус жұқтырған жолаушы Венесуэладан Ресей арқылы ұшып келген деген ақпарат бар. Бұдан бұрын Венесуэлада саудамен айналысқан қытайлық азаматтан зика безгегінің жұқтырғышы табылған.

Рейтерстің хабарлауынша, Мексикада аяғы ауыр 6 әйел осы дертті жұқтырды деген күдікке ілініп отыр. Қазір жүкті әйелдер дәрігерлердің бақылауында. Бірақ бұл вирус іштегі балаға әсер етуі мүмкін деген болжам бар. Яғни нәрестелерде мидың патологиясы пайда болуы мүмкін. Елде ауа райы тым ыстық болғандықтан, індет шіркейлер арқылы тарап жатыр. 

Роберто Санчес Мартинез, энтомолог:

Жәндіктер кімді де болсын аяусыз шағады, мұның салдарынан адам індет жұқтыруы мүмкін. Аяғы ауыр әйелдерді шіркейлерден сақ болуға шақырамыз. Әсіресе ашық су көздерінен аулақ болған жөн.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА