Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Сәтсіз катетерден 11 айлық сәбидің аяғы кесілуі мүмкін

AstanaTV
14.01.2019ж. 20:00
3711
Сәтсіз катетерден 11 айлық сәбидің аяғы кесілуі мүмкін

Астанадағы ауруханаға отамен түскен сәбидің тағдыры қыл үстінде. Бүлдіршіннің бақайларын кесу әлі де ашық күйінде қалып отыр. Жамбыл облысының тұрғыны Таңшолпан Бейсенбекова 11 айлық қызын Астанаға жүрегіне ота жасатуға алып келген. Алайда, Ұлттық кардиохирургиялық орталықта сәбиге суық тиіп қалған. Мұнан кейін дәрігерлер науқасты №1 қалалық балалар ауруханасына жатқызған. Ондағылар науқасқа «өкпе қабынуы» деген диагноз қойып, баланың аяғына катетер қояды. Екі күнен кейін баланың аяғы ісіп, жағдайы күрт нашарлаған. Қыздың анасы жанына батқан оқиғаны «Facebook» желісінде жариялады. Алайда, бүгін журналистерді жинаған дәрігерлер «Сәбидің аяғының бұлай асқынуы оның жүрек ақауынан болды» - деп отыр. Қазір науқас Ана мен бала орталығында ем алып жатыр. Әзірге, оның жүрегіне ота жасалмайтын болды. Дәрігерлер бірінші өкпесін емдеп алу керек дейді.  

БОЛАТ НАҒЫМАНОВ, ҰЛТТЫҚ АНА МЕН БАЛА ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ОРТАПЕДИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:  

Аяғын кесу кеспеу туралы мәселе әлі шешілген жоқ. Уақыттық фактор деген болады. Толық бізге белгісіз. Бірақ, жергілікті статусын қарағанда кішігірім оң нәтиже бар. Аяғының бұрынғыға қарағанда ісігі азайды. Қан тамыры ашылған сияқты. Жылу пайда болды. Кесілу кеспеу қауіпі бар.

У. Қабылтайұлы