Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Ақтөбеде қарияларға арналған «Белсенді өмір сүру орталығы» ашылды

AstanaTV
28.02.2019ж. 20:00
3541
Ақтөбеде қарияларға арналған «Белсенді өмір сүру орталығы» ашылды

Ақтөбеде қарияларға арналған «Белсенді өмір сүру орталығы» ашылды. Ол зейнеткерлерге уақытын тиімді пайдаланып, демалуға ыңғайлы орта. Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалы жанынан ашылған орталықта қарттар түрлі үйірмелерге қатыса алады. Ән айтып, би билеп, іс тігуге болады. Мұнда психолог кабинеті, тілдерді үйрену және компьютер бөлмелері бар. Спортпен шұғылданам деушілерге бассейн мен тренажер залы да ашылған. Бастама «Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында қолға алынған. Оған кез келген зейнеткер келіп жазыла алады. Барлық қызмет тегін.  

Нұрхан АҒНИЯЗОВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Біздің зейнеткерлеріміз зейнеткерлікке шыққаннан кейін үлкендер отбасы ошақ қасында қалмай белсенді өмір сүруде. Баршамызға білгілі белсенді өмір сүру адамның өмірін ұзартады. Бұл орталықты ашудың ойы «Нұр Отан» партиясынан шыққан. Мұны Халықтар Ассамблеясы қолдап, бүгін тұсаукесер рәсімін өткізіп отырмыз.

Владимир КОРЕНЬКОВ, СПОРТ АРДАГЕРІ: 

Қартайған шақта зейнеткерлерге қиын, үйге сыймайды. Күйбең тірлік, немере, бала деген жақсы ғой. Бірақ, қарияларға да өздерін жетілдіру, дами түсу ауадай қажет. Олар өзіндей адамдармен араласып, әңгімелесуі қажет.

Б. Рахметова