Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Қытайда қамауда отырған қазақтардың 20-сы елге оралды

AstanaTV
04.03.2019ж. 20:00
3723
Қытайда қамауда отырған қазақтардың 20-сы елге оралды

АҚШ пен Ресей әлемде қару-жарақ жарысын қайта бастамақ. Тіпті, одақтас елдерге ракеталарды таратады. Бұл туралы Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді. Әлемдік аренадағы алып ойыншылар әрекетіне депутаттар алаңдаушылық білдіріп отыр. Мәжілісте өткен Үкімет сағатынан Ақерке Бектастың материалы.  

Ақерке БЕКТАС,ТІЛШІ:  

АҚШ пен Ресей орта және кіші қашықтықтағы ракеталарды жою туралы шартты бұзған еді. Енді олар қару таратса, басқа елдерде жаңа әскери база құрылады. Мәжілісмендер бұл жаһандық бейбітшілікке қауіп төндіріп, қарулы қақтығыстарды күшейтеді деп қауіптенеді.

Бейбіт АТАМҚҰЛОВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ: 

Бұл мәселе - өте өзекті. Жақын арада жаңа ракеталар жасалып, басқа одақтас аймақтарға таратылады деген сөз. Және бұл жағдай біздің де көршілес елдерге қатысы болуы әбден мүмкін. Қос мемлекеттің бұл әрекеті сол үшін де алаңдатады. БҰҰ қауіпсіздік кеңесінде Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуды басты тақырып алуы да содан.

Орта Азиядағы қауіпсіздік те жұртты алаңдатып отыр. Сирия мен Ирактан Ауғанстанға ығысқан лаңкестер Өзбекстан арқылы еніп, қауіп төндіруі мүмкін. Министрлік сол үшін де бұл елдегі жағдайға басымдық бермек. Бірақ, елдегі астық экспорттаушылар Ауғанстан нарығынан айырылып қалған. Көршілес Өзбекстан бізден арзан бағаға астық алып, өздерінде өңдеп, нарықты жаулай бастады.  

Владимир БОЖКО, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

Осыдан 4 жыл бұрын Қазақстан мен Ауғанстан туралы ортақ тақырып - астық қана болатын. Қазір Ауғанстан нарығын жоғалттық деп айтуға мәжбүрміз. Оларда диірмен кешенінің құрылысы қарқын алған. Бізден арзанға алып, саудалап жатыр. Бұны мәселені шешу үшін қандай жұмыс атқарылып жатыр?

Тимур ТОҚТАБАЕВ, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Ауғанстанға өнім экспорты 520 млн доллардан асады. Бұған қоса бидай, ұн және табиғи газ қамтылған. Сонымен қатар, біздің экспортқа тағы 24 тауарлық позиция қосылды. Қазіргі кезде Өзбекстан, Түркіменстан және Ауғанстанмен арада келіссөздер жүріп жатыр.

Қазақстан Ауғанстандағы кен орындарын игермек. Енді «ҚазМұнайГаз» бен «Қазгеология» үш мұнай кен орнын қарастырып жатыр.  

Ақерке БЕКТАС, ТІЛШІ:  

Бұдан бөлек, министр Қытайда 33 қазақ қос азаматтығы үшін қамауда отырғанын айтты. Олардан келіп түскен арыздарды жеке-жеке қарастырып жатыр. Бүгінде 20-сы елге қайтарыпты. Былтыр 2,5 мың қазақ отанға қоныс аударған. Қазір Қытайда 1,5 миллионнан аса этникалық қазақ тұрады.

А. Бектас