Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Қазақстан үкіметі Қытайдан 2 млрд юань, яғни, 100 млрд теңгеге жуық қарыз алмақ

AstanaTV
06.03.2019ж. 20:00
3074
Қазақстан үкіметі Қытайдан 2 млрд юань, яғни, 100 млрд теңгеге жуық қарыз алмақ

Қазақстан үкіметі Қытайдан 2 млрд юань, яғни, 100 млрд теңгеге жуық қарыз алмақ. Бұл қомақты сомма қазақ-қытай және қазақ-өзбек шекарасындағы қазақстандық өткізу пунктін жетілдіру үшін жұмсалады. Қос ел арасындағы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы бүгін мәжілісте қаралды. Премьер-министрдің бірінші орынбасары, қаржы министрі Әлихан Смайыловтың айтуынша, Қытай 20 жылға 2 пайызбен 100 миллиардқа жуық теңге қарыз береді. Осы қарыз аясында тоғыз автокөлік және бір теміржолға арналған өткізу пунктін жетілдіріп, техникалық жабдықтау жоспарланып отырған көрінеді. Бұл жоба ағымдағы жылдың соңына қарай басталып, 2022 жылы аяқталады. Осылайша өткізу пункттеріндегі 2-3 күнге созылатын кезек жойылады. Айта кету керек, министр қазір Қазақстан үкіметі аспан асты еліне қарыз емес екенін айтты.

Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ, ҚАРЖЫ МИНИСТРІ:

Мемлекет тарапынан Қытайдан кредит алынған жоқ. Бірақ, бізде Қаржы министрлігінің берген кепілдіктер бар, яғни, бір миллиард 200 миллион АҚШ доллары шамасында. Ол көбінесе жолдарға, Астана қаласының жолдарына бағытталған кредиттер. Басқа органдар алған «ҚазАвтоЖол» және әкімшілік.

Сондай-ақ, мәжілісменер Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімді мақұлдады. Алайда, қалада жұмыс істейтіндер тізіміне денсаулық сақтау және білім беру бөлімшелері енбей қалған. Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі бұл саладағы министрліктерден ұсыныстар түспегенін айтқан еді, бірақ Нұрлан Нығматулин мәселені шешу керек деп шорт кесті.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Не денсаулық сақтау бөлімі жоқ, не білімі жоқ. Ертең балаларды қай мектептерге алып барады? Қай ауруханаға алып барады? Барлық сұрақтар осыдан шығады. Ал, Сіз мынау министерстводан ұсыныс жоқ дейсіз. Оны тоспай бір үкіметте 3 министерство бас қосып, бір шешімге келуіміз керек. Асқар Қуанышұлы, келісітік пе?

 -Иә, сіз айтқандай кешке кездесіп, бір шешімге келеміз.

-Кешке қарай кездескенде осы сұрақты ұмытпаңыз. Кім біледі...

Н. Біләл