Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

АҚШ валютасы пішіні жағынан біршама өзгерістерге ұшырауы мүмкін

AstanaTV
21.04.2016ж. 20:00
3357
АҚШ валютасы пішіні жағынан біршама өзгерістерге ұшырауы мүмкін

АҚШ валютасы пішіні жағынан біршама өзгерістерге ұшырауы мүмкін. 5,10 және 20 долларлық ақшалардың дизайны ауысады. Мұны елдің қаржы министрі Джейкоб Льюге сілтеме жасап, Рейтерс хабарлайды.

Яғни 20 АҚШ ақшасында Гарриет Табмэннің бейнесі пайда болуы мүмкін. Афроамерикандық әйел кезінде құлдыққа қарсы шығып, әйелдердің теңдігі үшін күрескен. 10 долларда Лукреция Мотт, Соджорнер Трут сынды өзге де әйел құқықтары үшін күрескендердің бейнесі салынбақ. Ал 5 долларға адамдардың азаматтық құқықтары үшін тер төккендердің суреті салынады. Таңдау жасалған кезде АҚШ азаматтарының пікірі ескерілген. Ақшалардың нақты дизайны 2020 жылы белгілі болмақ.

Джейкоб Лью, АҚШ қаржы министрі:

Бұл сұрақпен бір жылдан астам уақыт айналысып жатырмыз. Гарриет Табмэн - Америка тарихындағы ұлы әйелдердің бірі. Оның түп-төркіні, қай жақтан екені және қай саладан бастағаны маңызды емес. Егер қаласаң, сен еліңді өзгерте аласың. Американдық азаматтар олардың пікірлерін ескергенімізді бағалайды, деп ойлаймын.

Айгүл ӘДЕПБАЙ