$451.38 €487.22 ₽5.14
×

Елордада кезектен тыс пәтер алмақ болған әйел көпірден секірмек болды

AstanaTV
19.09.2019ж. 20:00
2049
Елордада кезектен тыс пәтер алмақ болған әйел көпірден секірмек болды

Нұр-Сұлтанда тағы бір адам көпірден секірмек болды. Куәгерлердің айтуынша, қала тұрғыны кезектен тыс 3 бөлмелі пәтер беруді талап еткен. Оқиға орнына мамандар шақыртылып, көпір шетіндегі әйел адам қауіпсіз жерге шығарылды. Қоғамдық тәртіпті бұзған тұрғын полиция департаментіне жеткізілген. Ондағылар түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, соңынан босатып жіберді. Қалалық әкімдік жеке бастың мәселесін бұлай шешу заңға қайшы екенін ескертеді. 

Талғат РАХМАНБЕРДІ, НҰР-СҰЛТАН қ. ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ :

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мұндай заңсыз түрде тұрғын үй мәселесін шешуді мақұлдамайды. Тұрғын үй мәселесін мұндай жолмен емес, нақты бектілген заңнама бойынша шешіледі. Ең біріншіден кезекке тұру керек. Бұл іспен тұрғын үй фонды айналысады. Сондықтан талапқа сәйкес кезегі келген кезде ғана тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.

Ғ. Өтемісов