Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Қазақ-қырғыз шекарасында 700 тоннадай заңсыз жүк анықталды

AstanaTV
16.10.2017ж. 20:00
2221
Қазақ-қырғыз шекарасында 700 тоннадай заңсыз жүк анықталды

Қазақ-қырғыз шекарасында 700 тоннадай заңсыз жүк анықталды. Бұл жөнінде ақпарат және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Фитосанитарлық бақылау күшейтілгеніне байланысты 105 жүк көлігі тексеріліп, 11 бұзушылық анықталған. Сондай-ақ 10 қазаннан бастап шекарада ветеринарлық бақылау қатаңдатылды. 6 бекетте бас-аяғы 32 инспектор жұмысқа кіріскен.

Айта кетейік, 5 бірдей қырғызстандық сүт өңдеу кәсіпорнының өнімдерін ел аумағына кіргізуге тиым салынған. Жекелеген өндірушілердің тауарларына күшейтілген зертханалық бақылау енгізілді. 13 қазанда «Карасу» бекетінде азық-түлік тауарлары тиелген көлік ұсталды. Ветеринарлық сертификатты толтыруда заңсыздыққа жол берілген, жүк иесіне 200 мың теңгеден астам айыппұл салынды.