Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қырғызстан азаматтары қазақ-қырғыз шекарасынан оқ-дәрілерді алып өтпек болған

AstanaTV
12.10.2017ж. 20:00
2146
Қырғызстан азаматтары қазақ-қырғыз шекарасынан оқ-дәрілерді алып өтпек болған

Қырғызстан азаматтары қазақ-қырғыз шекарасынан оқ-дәрілерді алып өтпек болған. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Тексеріс кезінде заң талаптарын орындамаған 55 Қырғызстан азаматы анықталған. Шекарадан өтпек болған жүктер мен көліктерді тексеру кезінде экономикалық контарабанда белгілері бар деректер де анықталған. Қазір барлық іс анықталып жатыр.

Бұған дейін Қырғызстан билігі сайлау күні қылмыскерлердің қатысуымен жаппай тәртіпсіздік әзірленіп жатқандығы туралы хабарлаған болатын. Қылмыскерлер Қазақстан аумағына өтіп кетпес үшін, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қосымша шара қолданып жатқанын хабарлады.