Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Латын қаріпіне көшу жобасындағы «ю» мен «я» дыбыстары не себепті енгізілмегендігі түсіндірілді

AstanaTV
12.10.2017ж. 20:00
3232
Латын қаріпіне көшу жобасындағы «ю» мен «я» дыбыстары не себепті енгізілмегендігі түсіндірілді

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері Әлімхан Жүнісбек жаңа латын әліпбиінде «ю» мен «я» дыбыстарын не себепті енгізбегендерін түсіндірді. Айта кетсек, президент "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласында жылдың соңына дейін қазақ әліпбиінің латын графикасындағы біріңғай стандартты нұсқасын қабылдау керектігін атап өткен. Жобаны әзірлеу кезінде қоғамдық пікірлер ескеріліп, диграфтардың орнына қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне тән дыбыстарды дәйекші белгілері арқылы таңбалау жүйесі, яғни әріп шекесіне үтір қою енгізілгендігі айтылды.

Әлімхан Жүнісбек, А. Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері:

Орыс тілінен енген кірме таңбаларды қазақша таратып жазу болатын. «Я» дегеніңіз -қазақтың екі дыбысының тіркесі. Ал енді «ю» дегеніңіз - қазақтың үш дыбысының тіркесі. Сондықтан алдағы уақытта әдістеме, оқулық арқылы түсіндіре отырып, осылай таратып жазатын боламыз. Сонда қазақ тілінің буын құрамы бұзылмайды. Үндестік әуезі, морфема құрамы бұзылмайды.