Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Елизавета II 90 жасында тақтан бас тартуы мүмкін - Globe

AstanaTV
20.04.2016ж. 20:00
1384
Елизавета II 90 жасында тақтан бас тартуы мүмкін - Globe

Ұлыбританияны ұзақ жылдар бойы билеген Елизавета екінші патшайым билікті ізбасарларына беруі мүмкін. Бұл туралы Globe басылымы мәлімдеді. Мақалада патшайым 21 сәуір күні тақтан бас тартуы мүмкін делінеді. Ертең тақ иесі 90 жасқа толады.

Тағы бір дерек бойынша, билік алмасу Диана Спенсердің дүние салған күнінде болуы мүмкін. Үміткерлер ішінен Елизаветаның немересі Уильям ханзада мен оның жұбайы Кейт Мидлтон ерекше аталды. Ал соңғы кездері басы дауға қалған патшайымның өз ұлы Чарльз үміткерлер қатарына мүлдем енбеген. Елдегі букмекерлер болашақ тақ иесіне қатысты бәс тігіп жатыр.

Еске салайық, өткен жылы қыркүйекте ұзақ жылдар билік құрған Елизавета екінші тақ иемдену бойынша рекорд орнатты.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ