Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Қазақстандықтардың карантин кезінде азық-түлікке қанша ақша жұмсағаны белгілі болды

AstanaTV
18.05.2020ж. 20:00
2224
Қазақстандықтардың карантин кезінде азық-түлікке қанша ақша жұмсағаны белгілі болды

Қазақстандықтар төтенше жағдай кезінде ақшасының басым бөлігін азық-түлікке жұмсаған. Ranking.kz агантегі мониторинг жүргізіп, оның қорытындысын жариялады. Төтенше жағдай кезінде бөлшек сауда екі есеге төмендеген. Халық сәуірде дүкен, базар және басқа да сауда орындарынан 495, 7 миллиард теңгеге сауда жасапты. Дегенмен, бұл өткен жылмен салыстырғанда 40,9%-ға аз көрсеткіш деп отыр. Ал, қаңтар-сәуір айларындағы сауда көлемі 2,87 триллион теңгені құраған. Бұл да былтырғыға қарағанда 5,9%-ға төмен.  Соған қарамастан, әдетте бөлшек сауданың үштен бір бөлігін құрайтын азық-түлік тауарларының үлесі едәуір артыпты. Ол 51,5%-ға дейін көтеріліп, 255,4 миллиард теңгені қамтыған.

А. Мүтәлі