Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Оңтүстік Қазақстанда әлеуметтік бағдарламалар басқармасы қызметкерлері қамалды

AstanaTV
19.09.2017ж. 20:00
2481
Оңтүстік Қазақстанда әлеуметтік бағдарламалар басқармасы қызметкерлері қамалды

Оңтүстікте 6,4 млн теңге пара алды деген күдікпен үш шенеунік қамауға алынды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының департаменті хабарлады. Олар жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары мен аудандардағы бөлімше басшылары. Қазір уақытша ұстау абақтысында отыр.

Ұлттық бюро берген ресми ақпаратқа сай, шенділер «Нәтижелі жұмыспен қамту мен кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» аясында заңды тұлғалардан үлес алып отырған. Яғни жұмыссыздарды кәсіби дайындау мен қайта даярлауда, мемлекеттік сатып алу бойынша келісімшарт жасасу үшін, жүйелі түрде ақша бопсалап келген. 2016-2017 жылдар аралығында алған пара көлемі келісім сомасының 20-30 пайызын құрайды. Ақшаға шаққанда, бұл 3 млн мен 20 млн теңгенің аралығында. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.