Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Астанада балалар мен жастар арасындағы ХІІ халықаралық медиафестиваль басталды

AstanaTV
29.03.2016ж. 20:00
1506
Астанада балалар мен жастар арасындағы ХІІ халықаралық медиафестиваль басталды

«Бақытты жұлдыздың астында». Бүгін осындай атаумен Астанада балалар мен жастар арасындағы 12-ші халықаралық медиафестивалі бастау алды. Бұқаралық ақпарат құралдары кеңістігіне болашақ мамандарға жол ашуға бағытталған шараға «Нұр Отан» партиясы қолдау танытқан.

Фестивальге 100-ге тарта қатысушы келген. Басым бөлігі, әрине, тілші, оператор, режиссер болуды армандайтын оқушылар. Олар алдағы 3 күнде танымал медиа өкілдердің дәрісін тыңдап, өзара пікір алмасып, «Юнкор-2016», «Ең үздік медиа орталық», «Мәңгілік ел - ұлттық идеясы» сынды байқауларға қатысады. Үздік танылған 15 қатысушы Еуразия ұлттық университетінінің журналистика факультетіне оқуға шақырту алмақ.

Александр Пятков, «Жұлдыз» жасөспірімдер ұйымы қоғамдық бірлестігінің вице-президенті:

«Жұлдыз» жасөспірімдер ұйымының 30 жылдық тәжірибесі бар. Осы жерден кезінде көптеген медиа тұлғалар дәріс алды. Мақсатымыз - журналистика саласына білікті жастарды тарту әрі оларға жол ашу. Былтыр 8 оқушы ЖОО жолдама алды. Биыл енді бұл санды арттырып отырмыз. 

Құралай ПИОНЕР