Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Цифрландыру Қазақстанға өз пайдасын тигізуі қажет - Президент

AstanaTV
13.09.2017ж. 20:00
4666
Цифрландыру Қазақстанға өз пайдасын тигізуі қажет - Президент

Цифрландыру Қазақстанға өз пайдасын тигізуі қажет. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Астанада цифрландыру мәселесіне қатысты республикалық кеңес өтті. "Сандық Қазақстан" бағдарламасының маңыздылығын сөз еткен Елбасы бұл жобаның Ресей еліндегідей экономикаға оң әсері болатынын түсіндірді.

Бүгінде "Сандық Қазақстан" бағдарламасына 250 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Ауқымды нәтижеге жету үшін арнайы цифрландыру комиссиясы құрылатын болады. Сонымен қатар, Президент жаңа инновацияларды алға жылжытатын орталық құру керектігін айтты. Цифрландыру өндірістік кәсіпорындарда, сауда мен логистикада, медицина мен білімде, қаржы саласы мен бизнес процестерді қадағалауға үлкен пайдасын тигізбек. Сандық технологияларды енгізу экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Осы ретте Елбасы ІТ-жобалармен айналысатын азаматтарға айрықша назар аудару қажеттігіне де тоқталды.