Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Нұрсұлтан Назарбаев тұрақты инвесторлармен жобаларды іске асыруда прогресстің жоқтығын атап өтті

AstanaTV
25.08.2017ж. 20:00
1804
Нұрсұлтан Назарбаев тұрақты инвесторлармен жобаларды іске асыруда прогресстің жоқтығын атап өтті

Тұрақты инвесторлармен біріккен жобаларды іске асыруда ілгерілеушілік жоқ. Бүгін Ақордада өткен жиында Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Мемлекет басшысы соңғы 2 жылда инвесторлармен атқарылған жұмыс ешқандай нәтиже бермегенін айтты. Сондықтан инвестиция қарқынын арттыру үшін құрылған "Kazakh Invest» компаниясының жұмысын сынға алды. Президент премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа инвесторларды тарту бойынша жауапкершілік аймағын бекітуді тапсырды.

Мұнан өзге аймақтардағы электр желі компаниялары туралы заңнаманың орындалуының маңыздылығын атап өтті. Бұл тұтынушыларға арзан бағамен электр энергиясын алуға мүмкіндік береді, - деді Президент. Жер қойнауын пайдаланудағы жемқорлық әрекеттер де президент назарынан тыс қалмады. Министрлер кабинетіне бұл заңды қайта қарау тапсырылды.

Ал «Б» корпусындағы шенділерді аттестациялау кезінде бірқатар мекеме қызметкерлерінің стратегиялық және бағдарламалық құжат жөніндегі білім деңгейі төмен болып шыққан. Олар Ауыл шаруашылығы министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі және барлық дерлік әкімшілік қызметкерлері. Отырысты қорыта келе, президент ұлт жоспарын жүзеге асыруда барлық бағытта ауқымды жұмыстар жүргізу қажеттілігін атап өтті. 

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ