Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті

AstanaTV
30.03.2016ж. 20:00
2388
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті

Ұлттық экономика және Ауыл шаруашылық министрлігіне квазимемлекеттік сектор субъектілері және жергілікті атқарушы органдарға жемқорлықты жою үшін ішкі талдау жасау керекПрезидент жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия отырысында осындай ұсыныс айтылды. Ол Ақордада бейне-селектор режимінде өткен болатын. Жиында "2020 жылға дейін өңірлерді дамыту", "Агробизнес-2020" мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асырудағы мәселелер сөз болды.

Осы ретте Гүлшара Әбдіқалықова  бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану мен ысырап ету фактілері анықталғанын айтты. Әсіресе мемлекеттіп сатып алуларды өткізуде өрескел заңбұзушылықтар болған. Мемлекеттік хатшы жаңадан қабылданған "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл" туралы заңы аясында бұл олқылықтарды жоюды тапсырды.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА