Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Қазақстанға ең көп қаржы құйған үштік

AstanaTV
12.07.2016ж. 20:00
1918
Қазақстанға ең көп қаржы құйған үштік

Биыл бірінші тоқсанда ел экономикасына ең көп қаржы құйған инвесторлар Нидерланды және АҚШ пен Швейцария. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлайды. Нидерланды - 1,605 млрд, АҚШ - 875,5 млрд доллар құйған. Ал Швейцария - 527,3 млрд қаражат салған. Топ үштіктің көрсеткіші осындай. Өзгелеріне келсек, Франция - 269,1 млн, көрші Қытай - 203,6 млн, Британия - 190,8 млн доллар көлемінде қаржат әкелген. Ал Ресей 167,9 миллион доллармен жетінші орында.

Бірінші тоқсанда барлығы 4,28 миллиард доллар қаржы тартылған. Былтыр ол 4,37-ні құраған еді. Ал қазақстандық инвесторлардың шет елге шығарған қаражаты 688 млн доллар. Былтыр ол 922 млн болатын. Ең көп қаражат Швейцария мен Ресей экономикасына құйылған.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ