Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

ЭКСКЛЮЗИВ: Жүк тасымалында Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы ақпарат алмасу жетілмеген

AstanaTV
30.03.2016ж. 20:00
1903
ЭКСКЛЮЗИВ: Жүк тасымалында Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы ақпарат алмасу жетілмеген

Ақтау портының қызметкерлері жүкті рәсімдеу процесін жеделдету үшін қулыққа баруға мәжбүр. Бұған Әзірбайжан мен Қазақстан арасындағы ақпарат алмасудың дұрыс жолға қойылмауы кедергі. Бұл туралы бүгін «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» АҚ президенті Михаил Яблочев арнаға берген эксклюзивті сұхбатында айтты.

Михаил Яблочев, «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ президенті:

Әзірбайжан мен Қазақстан арасындағы қатынас тиесілі деңгейде реттелген жоқ. Сондықтан қазір ақпарат аламасу жағын біз түрлі жолдармен жүзеге асырып жатырмыз. Мәселен, біздің Бакудегі қызметкеріміз құжаттарды сканер арқылы электронды көшірмесін жасап жіберіп отырды. Біз алдын ала ақпарат ретінде соған сүйенуге мәжбүр болдық. Ал жалпы ақпарат алмасу екі мемлекеттің арасында алдын-ала жүруі тиіс. 

Яблочевтің айтуынша, қазір бұл мәселе шекара қызметінің деңгейінде шешіліп жатыр екен. Сондай-ақ, порт өкілдерінің мәліметі бойынша, жүк тасымалы әзірге межелі жоспарға жете қойған жоқ. Әу баста порт арқылы жылына шамамен 150 мың контейнер өтуі тиіс-тін. Оған Түркия жерінде теміржол құрылысынның ақталмауы кесірін тигізіп отыр. Десе де жүк айналымы былтыр шамадан тыс артқан. 2015 жылдың қарашасында авто тасымалы 10 есеге дейін өскен. Оған Ресейге салынған санкция түрткі болды.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ