Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Ақордада шұғыл Қауіпсіздік кеңестің жиыны өтті

AstanaTV
18.07.2016ж. 20:00
2329
Ақордада шұғыл Қауіпсіздік кеңестің жиыны өтті

Алматыда болған оқиға - террорлық әрекет. Бүгін Ақордада шұғыл өткен Қауіпсіздік кеңестің жиынында Елбасы осындай мәлімдеме жасады. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, жан-жақты көмек көрсетілетінін жеткізді.

Қауіпсіздік кеңесінің отырысына барлық күш құрылығының басшылары шақыртылыпты. Олар Алматыдағы ахуалды толық баяндап берді. Президент ІІМ министрі Қалмұханбет Қасымовқа шұғыл Алматыға барып, жағдайды өз бақылауына алуын бұйырды. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев елді араңдатуға ермей, нақты ақпараттарға ғана сенуге шақырып отыр. Ол жағын реттеуге Ақпарат және коммуникациялар министріне тапсырма берілді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Сегодня в Алматы произошел террористический акт, который, к сожалению, снова привел к человеческим жертвам. Выражаю соболезнования близким погибших и пострадавших, следует оказать им соответствующую психологическую и материальную поддержку. Также по линии правоохранительных органов поручаю принять все необходимые меры в части обеспечения правопорядка в городе. Слухи и провокаторов выявлять. Я вот заявляю, если в этих острых случаях начнут врать и провоцировать через интернет, через сети, будем строго наказывать!