Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

“AMANAT” партиясы Әділетті Қазақстанды құру жолындағы осы науқанның бел ортасында болады, -А.Оралов

AstanaTV
07.10.2022ж. 20:00
1546
“AMANAT” партиясы Әділетті Қазақстанды құру жолындағы осы науқанның бел ортасында болады, -А.Оралов

«AMANAT» партиясы мемлекет басшысының Әділетті Қазақстанды құру жолындағы тірегі болады. Мұны партия хатшысы Асхат Оралов айтты. Оның пайымынша, саяси партиялар мен республикалық ұйымдардың өкілдері Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдайтын халықтық коалиция құрды. Бұл - біздің азаматтық саяси мәдениетіміздің жетілгендігін көрсетеді дейді.

Асхат ОРАЛОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

«AMANAT» партиясы мемлекет басшысының қоғамдық тірегі ретінде саяси өзгерістерді, тарихи шешімдерді, осы Әділетті Қазақстанды құру жолындағы әрдайым осы науқанның бел ортасында болады. Сондықтан да бізден басқа да, басқа саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі Халықтық коалиция құруды, сонын бел ортасында болып, біз аянбай еңбек етуге әрдайым дайынбыз!

Ә. Дүкембаева