Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

«Болашақ» Қауымдастығы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдайды

AstanaTV
10.10.2022ж. 20:00
2043
«Болашақ» Қауымдастығы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдайды

«Болашақ» Қауымдастығы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдайды. Яғни қоғамдық ұйым мүшелері мен бағдарлама түлектері кеңес өткізіп, үндеу жолдады. "Болашақ" бағдарламасы бойынша 12 мыңнан астам қазақстандық әлемнің беделді жоғарғы оқу орындарында білім алды. Қауымдастық 2001 жылдан бері қарай 150-ден астам ірі әлеуметтік жобаны жүзеге асырды. Қазіргі геосаяси жағдайда еліміз үшін ішкі тұрақтылық маңызды дейді болашақтықтар.

Ақерке АБЫЛАЙХАН, «БОЛАШАҚ» ҚАУЫМДАСТЫҒЫ КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ, PHD ДОКТОРЫ:

Бүгінгі геосаяси жағдайды білесіздер, біздің Президентіміздің жүргізіп отырған саясаты өте маңызды. Қасым-Жомарт Кемелұлы тағайындалған жағдайда осы тұрақтылық курсы сақталатынына біз сенімдіміз.

Болашақтықтар Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың көпвекторлы саясаты ел экономикасының жан-жақты дамуына сеп болып, республиканың халықаралық мәртебесін одан әрі нығайтады деп санайды.

Айнұр КӘРІБОЗОВА, «БОЛАШАҚ» ҚАУЫМДАСТЫҒЫ КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Білімді жастар үшін мүмкіндіктер кеңейе түсу керек. Сапалы білім алуға қолжетімділік одан ары арта түсу керек. Заң үстемдігі орын алатын мемлекетте өмір сүреміз деген қазақстандықтарда ерекше үміт бар. Сол үмітті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халықтың алдында орындайды деп біз кәміл сенеміз.

Қ. Мерей