Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Ақтөбеліктер көктемгі еріген сумен күресіп жатыр

AstanaTV
30.03.2016ж. 20:00
1570
Ақтөбеліктер көктемгі еріген сумен күресіп жатыр

Ақтөбеліктер көктемгі еріген қар суымен күресіп жатыр. Шаһар маңындағы Жаңақоныс ауылында бірнеше ауланы су басқан. Жергілікті билік өкілдері бұл бағытта бөгеттер салғанымен, иен даланың қары еріп, ауылға бет қойғанын айтады. Нәтижесінде он шақты ауланы басып, ауыз су құдықтары мен әжетханаларын толтырған. Жапа шеккендер жылда қайталатынын, алайда жергілікті биліктен қайыр болмай тұрғанын жеткізді.

Ерболат Сәбиев, Жаңақоныс ауылының тұрғыны:

Осыған дейін осы Жаңақоныс әкіміне барып жолықтық. Мына көршілеріміз бар. Сонда айттық, бұрындағыдай жағдай болмасын, алдын алайық. Ертең біз болсақ, жұмысқа кетеміз. Сонда әкімнің айтқаны - «үйің суға кетсін, содан кейін ЧС-қа барып біз шыға аламыз. Ал так біз шыға алмаймыз».

Билік өкілдері жыл басынан 400 мың тонна қар шығарып, 115 мың текше метр су сорылғанын айтты. Бұл мақсатта жұмылдырылған 14 мердігер мекемеге қаладағы жекеменшік су сорғыш көліктердің барлығы көмектесіп жатыр. Облыс орталығындағы Мәскеу, Құрмыш, Сүт зауыты аудандарын жіті бақылауға алып, нәтижесінде қауіп сейілген. Ал Жаңақоныс ауылындағы суға кеткен аула иелері кінәні өздерінен іздесін,- дейді. Бұл маңдағы баспаналар сайға салынған.

Жандос Байырханов, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары:

Кезінде су ағатын арықтың орнына үй салып алған, өздеріңізге белгілі. Ендігі уақытта сол бір-екі қатар үйдің салып алуына байланысты, біз 2 км-ге жуық дамба салып, суды басқа жол, басқа бағытта өзгертуге тура келіп отыр. Ал егер де сол екі қатар үй салынбаған жағдайда, су қалыптасқан жағдайда ағып жатырған болар еді. 

Мансұр ЕСҚОЖИН