Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Қарағанды облысында 19 жүк вагоны жолдан шығып кетті

AstanaTV
28.12.2022ж. 20:00
1334
Қарағанды облысында 19 жүк вагоны жолдан шығып кетті

Қарағанды облысының Қарабас станциясында 19 жүк вагоны рельстен шығып кетіп, салдарынан жүздеген жолаушы жолдан қалды. Кей пойыздар кешіксе, екі электропойыз қатынасы кейінге қалдырылды. Жолдағы жағдай қашан реттеледі, толығырақ Айжан Қуаштың репортажында.

Вагондардың барлығына астық тиелген. Алдын ала болжам бойынша, бірінші вагон тоқтап, қалғандары артынан кептеліп құлаған. Салдарынан Құлайғыр және Қарағанды бағытындағы екі электропойыз қозғалысы бүгін толық тоқтатылды. Қарағанды вокзалында адам қарасы көп. Жүздеген жолаушы жолдан қалды. Кей поездар уақытынан кешігіп жатыр.

Зарқын ӨЗТЕМІРОВ, ЖОЛАУШЫ:

Қостанай-Алматы поезын тосып отырмыз. Хабарлады жаңа 40 минут тосып отырмыз. Енді білмеймін бірінші 15 минут деген содан кейін тағы 40 минут қосты оған.

Альбина АБДУЛЛАЕВА, ЖОЛАУШЫ:

Әр қайтқан уақытта үнемі хотя бы 5 минутқа кешігеді ғой. Поездарды жаңарту керек, иә поездарды , жолдарды.

«ҚазақстанТемір жолы» компаниясының ақпаратынша, оқыс оқиға жеке меншік вагондардағы ақаудан болған. Темір жол учаскесін жөндеу үшін 3 қалпына келтіру пойызы жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ.

Жалғас СМАҒҰЛОВ, ҚАРАҒАНДЫ ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫНЫҢ ИНЖЕНЕРІ:

Поездар аса қатты кешігіп жатқан жоқ. Кешігіп жатқан Қостанай - Алматы.Қалған поездар уақытысымен келіп жатыр. Вагондардың жолдан шығуына байланысты Қарабас станциясы арқылы жүретін электропоездар кейінге қалдырылды.

Оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Айта кетейік, осыдан бір жарым ай бұрын дәл осы Қарабас станциясының маңында 14 вагон жолан шығып, мыңға тарта жолаушы иен далада бөгелген болатын.

Айжан ҚУАШ, ТІЛШІ:

«Қазіргі таңда рельсті қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Темір жолдағы қозғалыс қашан реттелетіні белгісіз. Полиция «қауіпсіздік ережесін бұзу» бабымен қылмыстық іс қозғады.

А. Қуаш