Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Ерасыл Әубәкіров ісіне қатысты сот отырысы жалғасуда

AstanaTV
13.09.2016ж. 20:00
3323
Ерасыл Әубәкіров ісіне қатысты сот отырысы жалғасуда

Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысты бар деген күдікке ілініп, сотқа тартылған Нұрбек Әжімбайдың қорғаушысы «сот бірнеше  өтінішімізді қанағаттандырмады - бұл негізсіз» дейді.

Ғабиден Букенов, Нұрбек Әжімбайдың қорғаушысы:

Біз жақтаушыны ауыстыру жөнінде өтініш хат бердік. Анасының орнына жақтаушы етіп әкесін ұсынған болатынбыз. Алайда сот өтінішті қанағаттандырған жоқ. Бұл жерде айыпталушы өзі таңдау жасауға құқылы. Бірақ сот менің қорғалушыма мұндай мүмкіндікті бермеді.

Астанада студент Ерасыл Әубәкіровтың өліміне қатысты сот процесі жалғасуда. Отырыс жабық есік жағдайында өтіп жатыр. Елордадағы медицина университетінің 6 курс студенті 3 ақпанда із-түссіз жоғалған еді. Бірнеше күннен соң қала іргесінен Ерасылдың мәйіті табылды. Тергеу барысында оны азаптап өлтіргені белгілі болды.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА