Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Астанада «Болашақ энергиясы» форумы өтті

AstanaTV
14.09.2016ж. 20:00
3154
Астанада «Болашақ энергиясы» форумы өтті

Болашақтың энергиясы жиырма бірінші ғасырдың басты тақырыбы болмақ. Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық барысында «Болашақ энергиясы» атты форум өтті. Жиынға Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы келді. 

«Баламалы энергетика саласындағы тәжірибелерге арналған байқау қорытындысы жарияланатын кез жақындап қалды. Үздік жобалар көрменің төрінде орналасатын болады», - деді ұлттық компания басшысы Ахметжан Есімов. Болашақ энергиясына қатысты конкурсқа бас-аяғы 130-дан астам ұсыныс түскен. Үздік жобаны анықтайтын қазылар алқасының құрамында Нобель сыйлығының лауреаттары да бар. Айта кетейік, 103 мемлекет пен 17 халықаралық ұйым қатысуға ниет білдіріп отыр.