Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Астанада оқушыларға көлік карталары берілетін болды

AstanaTV
16.09.2016ж. 20:00
2084
Астанада оқушыларға көлік карталары берілетін болды

Ал Астанада оқушыларға көлік карталары берілетін болды. Бұл туралы «Астана-LRT» серіктестігі өкілдері хабарлады. «Оқушылардың тізімін оңтайландыру үшін электронды портал енгізіліп жатыр. Әрбір мектеп порталдағы тізімге оқушыларды енгізгеннен кейін, біз электронды карталарды даярлаймыз», - деді «Астана-LRT» өкілі Әбдіхамит Тамабаев. Алдын ала жүргізілген дайындық жұмыстары аясында 78 000 оқушы көлік картасын алған. Олар оны, ASTRA PLAT жүйесі іске қосылғанда, пайдалана алады.

Айта кетейік, автобустарда оқушылар үшін арнайы тариф енгізіліп, бонус ретінде бір автобустан екіншісіне тегін ауысып отыру мүмкіндігі қарастырылған. ASTRA PLAT электрондық жүйесін енгізудің барлық кезеңі іске қосылғанша, оқушылар жол ақысын қолма-қол 50 пайыз жеңілдікпен төлеп жүре алады. Немесе жол жүру билетін көрсетулеріне болады.

Айбек ҚОСАНОВ