Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Оралдағы жылу қуат орталығы қарызынан құтыла алар емес

AstanaTV
22.09.2016ж. 20:00
1951
Оралдағы жылу қуат орталығы қарызынан құтыла алар емес

"Қазтрансгазаймақ" компаниясы оралдық "ЖайықЖылуҚуат" орталығын сотқа берді. Олардың берешегі 470 миллион теңгеге жеткен. Сот оның 270 миллион теңгесін 1 қарашаға дейін қайтаруды міндеттеді. Ал "ЖайықЖылуҚуат" мекемесінің директоры Мұрат Иғалиевтің сөзінше, тұтынушылардың жылуға қарызы 452 миллион теңгеге жеткен. Бірақ тұрғындар жылу ақысын төлеуге асығар емес. Жылу дауына қатысты сотта 3 мыңдай іс қаралған. Ал шаһардағы 650 тұрғын үй жылу беру мекемесінің "қара тізімінде" тұр. Өйткені мұндағы тұрғындардың 30 пайыздан астамы жылу ақысын төлемепті. Олардың ішінде қарызы бір миллион теңгеге жуықтағандар да бар. Енді сот орындаушыларының арнайы тобы борышкер тұрғындардан қарызды қайтаруға кіріспек.

Мұрат Иғалиев, "ЖайықЖылуҚуат" АҚ бас директоры:

Газ жеткізушілер осымен біздің үстімізден осымен алтыншы рет шағымданып отыр. Олардың талабын арадағы медиациялық мәмілеге сай орындап келеміз. Бір қиыны - олар келісімшартты орындамағанымыз үшін да айып төлеуді талап етіп отыр. Бұл шамамен 38 миллион теңге.