Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Ақыл-есі кем балалар жасаған дүниелердің көрмесі ұйымдастырылды

AstanaTV
23.09.2016ж. 20:00
4636
Ақыл-есі кем балалар жасаған дүниелердің көрмесі ұйымдастырылды

Оралда ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына мүгедек балалар да үн қосты. Ақыл-есі кем балаларға арналған мектеп-интернаттың жас суретшілері мен қолөнер шеберлерінің туындылары қойылған көрме ашылды. Оған негізінен бейнелеу өнері және графика, ағашпен жұмыс, қазақтың ұлттық өнер бұйымдары, гобелендер мен робот техникалық жұмыстар орын алыпты. Ақыл-есі дұрыс дамымағанына қарамастан, балалар бұл бұйымдарды асқан шеберлікпен жасаған. Ал көрмені ұйымдастырушылар қолөнерді серік еткен мүгедек балалардың денесін игеру қабілеті жақсы дамитынын айтады. Көрмеде барлығы сексенге тарта бұйым бар.

Гауһар Есенғалиева, БҚО тарихи-өлкетану музейінің қызметкері:

Мына көрмеге ұсынылған жұмыстар дамуында ауытқушылығы бар балалар болғанына қарамастан, жұмыстары көз тартады, көз қызығады. Көптеген келушілердің көңілінен шығатын керемет жұмыстар. Іріктеу өткен соң жоба аяқталар кезде топ жарып шыққан жас шеберлердің жұмыстары музей қорына алынады.