Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Қызылжарда мемлекеттік бағдарламамен салынған үйлер бірнеше жылдан бері қолданысқа берілмей тұр

28.04.2023ж. 20:00
748
Қызылжарда мемлекеттік бағдарламамен салынған үйлер бірнеше жылдан бері қолданысқа берілмей тұр

Қызылжарда мемлекеттік бағдарламамен салынған көпқабатты үйлер бірнеше жылдан бері қолданысқа берілмей тұр. Жүздеген отбасы армандаған пәтерлеріне қол жеткізе алар емес. Себебі нысанға коммуникациялық құбырлар жүргізілмеген. Ол жобада жоқ па әлде ұмыт қалған ба? Абзал Құрманкин айтады.

Бұл зәулім үйлер екі жыл бұрын «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бой көтерді. 7 көпқабатты тұрғын үй қазір қаңырап тұр. Мұндағы әр пәтердің иесі анықталған, бірақ нысанға инженерлік желі жүргізілмегендіктен, олар баспанасына қоныстана алмай отыр.

Анар ТІЛЕУБЕРГЕНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Үйдің ішінде стеналар жарылып жатыр. Қыс бойы бұл отоплениясыз тұрды. Отопление қосқан жоқ. Сол үшін стеналар жарылып жатыр үйде. Тұрамыз біз қазір съемный квартирада. Айына 60 мың төлейміз.

Құрылыс толық аяқталған. Тек су, жылу мен жарық жоқ. Ал мердігер компания белшеден шығынға батып отырмыз дейді.

Сергей ТИМОФЕЕВ, ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Үй қыста қатып қалып, линолеум жарылып кетті. Кәріз құбырлары деп жарамсыз күйге түсті. Біз қазір әлі қолданысқа берілмеген үйлерді қайтадан жөндеп жатырмыз. Бірнеше миллион теңгеге шығындалуға тура келеді.

Уәлиханов пен Горький көшелерінде коммуникациялық желілер жүргізіліп жатыр. Ол үшін бюджеттен 750 миллион теңге қарастырылған. Алайда екі жылдың ішінде нәтиже шықпай, мердігерге тағы қосымша 250 миллион теңге бөлінді.

Сәтжан АБЛАЛИЕВ, СҚО ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Былтырғы негізгі себептердің бірі ол тек компаниялар емес, ол өзіңіз білесіздер металға бағалар өсіп кетті. Қиын жағдайлар болды. Соған байланысты кейбір жобалар есептеліп, қосымша қаражат бөлінді. Соған байланысты биыл ол жұмыстардың барлығы биыл бітетін болады.

Коммуникациялық хаосқа тап болып, аузы күйген шенеуніктер енді құрылыс ережелерін өзгертіп жатыр. Жаңа талапқа сәйкес, тұрғын үйді салған компания инженерлік желілерді өзі тартып, абаттандыру жұмыстарын да өз міндетіне алады.