Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Павлодарда 750 млн теңгеге 50 бала оқитын мектеп салынбақ

28.04.2023ж. 20:00
1371
Павлодарда 750 млн теңгеге 50 бала оқитын мектеп салынбақ

Павлодарда 750 млн теңгеге 50 бала оқитын мектеп салынбақ. Шағын білім ордасына осыншама қаржы бөлінгеніне мәслихат депутаттары күдікпен қарап отыр. Мәселенің мән-жайын тілшіміз біліп келді.

Депутаттардың күдігін тудырған жаңа мектеп Железин ауданының Моисеевка ауылында бой көтермек. Құрылысына қазынадан 750 млн теңге бөлінген. Алайда қомақты қаражат халық қалаулыларының күдігін тудырды.

Фуат САТЫБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Біз мектеп салуға қарсы емеспіз. Бірақ бұл мектепке бөлініп отырған қаражат сомасы өте үлкен. Бұл күдік тудырып отыр және тағы бір күдік тудырып отырған нәрсе. Сметалық құжаттар бізге көрсетілген жоқ. Және екіншіден бұл мектепті салатын компания күдік тудырып отыр. Өйткені былтырғы жылы 8 июньде аукционды жеңіп алған бірақ бұл компания сол аукционға дейін үш-төрт ай бұрын ғана құрылған екен.

Моисеевка орта мектебінде бар жоғы 51 бала оқиды. Бұрынғы мектеп апатты күйге түскендіктен, жергілікті билік жаңа білім ошағын салу туралы шешім қабылдаған. Ал әкімдік мектепті салдырғанан гөрі жеке меншік құрылыс компаниясынан сатып алғанды жөн көріпті.

Асайын БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Ғимараттың бағасына келетін болсақ, құнын ешкім ойлап таппайды. Баға құжаттама арқылы шығады. Ол мемлекеттік сараптамадан өтеді. Заңмен дайын нысандарды сатып алуға болады. Бұл тәжірибе облысымызда қолданылып келеді, әрі қарай да қолданылады. Егер біз мемлекеттік қаржы арқылы конкурс жарияласақ, жауапты мердігер келеді дегенге кепіл жоқ.

Дегенмен де жаңа мектептің құрылысы басталып кетті. Облыс әкімі өзі барып, қазығын қақты.