Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Әлем кубогы: Су добынан Қазақстан құрамасы Жаңа Зеландияны жеңді

AstanaTV
05.05.2023ж. 15:49
749
Әлем кубогы: Су добынан Қазақстан құрамасы Жаңа Зеландияны жеңді

Бүгін су добынан ерлер арасындағы әлем кубогында Қазақстан құрамасы алғашқы ойынында Жаңа Зеландиямен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлем кубогында қазақстандық спортшылар В тобында сынға түседі. Қарсыластары - Румыния, Иран және Жаңа Зеландия.

Бүгінгі кездесуде қазақстандық су добының шеберлері жинақы қимыл көрсетуге тырысты. Ойын барысында екі құрама тартысты ойын өткізді.

Нәтижесінде ел құрамасы қарсыласынан 10:9 есебімен басым түсті.

Енді ел құрамасы бүгін, 5 мамырда Румыниямен шеберлік байқасады. Олар Иранды 15:4 есебімен тізе бүктірді.

Ал 6 мамырда Иранмен шеберлік байқасады.