Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Сот Сейітқазы Матаевты 6 жылға бас бостандығынан айырды

AstanaTV
03.10.2016ж. 20:00
2548
Сот Сейітқазы Матаевты 6 жылға бас бостандығынан айырды

Сейітқазы Матаев алты жылға бас бостандығынан айырылды. Астана қаласы Есіл аудандық нөмірі екінші соты оны "алаяқтық" және "салықтан жалтару" баптары бойынша айыпты деп таныды. Жеке мүлкі тәркіленіп, өмір бойына мемлекеттік және коммерциялық қызметпен айналысудан шеттетілмек. Сотталушылар қатарында оның ұлы Әсет Матаев та бар.

Сегіз айға созылған атышулы Матаевтардың соңғы, шешуші сот отырысына жиналған халықтың қарасы қалың.  жоспар бойынша 16:00-де басталуы тиіс сот отырысы 10 минутқа кеш басталып, С.Матаев пен Ә.Матаевтың қылмыстық ісі бойынша көп күткен үкімі небары 9 минуттың ішінде оқылды.

Ақболат Құрмантаев, судья:

Окончательно назначить Матаеву Сейтказы наказание в виде шести лет лишения свободы с конфискацией имущества, с пожизненным лишением права занимать должности, связанные с организационно-распределительными, материально ответственными функциями в государственных и коммерческих организациях, с отбыванием наказания в колонии общего режима. Матаева Асета Сейтказиевича признать виновным и назначить наказание в виде пяти лет лишения свободы с конфискацией имущества.

Сот әкелі-балалы Матаевтардан Ақпарат және байланыс министрлігінің пайдасына 169, Қазақтелекомға 143 және 2011-15 жылдар аралығында өтелмеген 216 млн теңгеден астам салық өндірілсін деген үкім шығарды. Бас аяғы жарты млрд теңгеден астам ақшаны Матаевтар 1 ай ішінде төлеуі тиіс. Сот сондай-ақ олардың Алматы және Астана қалаларындағы тұрғын үйлерін, көліктерін және Астананың Орынбор көшесіндегі халық арасында "Журналистер үйі" деп аталатын мекеме ғимаратын мемлекет пайдасына тәркілеу туралы шешім шығарды. Адвокаттар сот үкімі күшіне енгеннен кейін 15 күн ішінде шағым түсіруге құқылы.

Мадина Бакиева, С.Матаевтың адвокаты: 

Жоғарғы сотқа шағым түсіреміз. Сондай-ақ адам құқықтары жөніндегі комитетке шағымданамыз. 

Азамат Алдоңғаров, тілші:

Үкімнен кейін Сейітқазы мен Әсет Матаевтар қарауылдың қадағалауымен мәжіліс залынан бірден қамауға кетті. Сотталғандар да, оларды қолдай келгендер де үкімнен кейінгі сөздерінде бұл атышулы қылмыстық іс әлі де жалғасын табатынын айтты.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ