Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Монополияға қарсы органның жаңа тұжырымдамасы

AstanaTV
06.10.2016ж. 20:00
2175
Монополияға қарсы органның жаңа тұжырымдамасы

Азық-түлік бағасының неліктен қымбаттап кеткенін халыққа түсіндіру қиын болады. Себебі бұл мәселе макроэкономикалық тұрғыдан үңіліп, техникалық тұрғыда жауап беруді қажет етеді. Осылай деген Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев бағаларды бақылауда ұстауды қарастыратын жаңа заңнама дайындалып жатқанын айтты. Бұл құжат аймақтардағы сауда орындарында бағаны реттеуге мүмкіндік тудырады деген сенім бар. Яғни жергілікті атқарушы органдарға бағаларды реттеуге құқық беріледі.

Азық-түліктің құны өндіруші босатқан бағамен салыстырғанда қаншалықты көбейген? Жергілікті жерлердегі департаменттер осыны анықтап, егер 25-30 пайыздан асатын болса ретке келтіріп отыратын болады,- дейді Қуандық Бишімбаев. Әйтсе де депутаттар күнделікті тұтынатын азық бағасының 2-3 есеге дейін шарықтап кету себебін министрдің халыққа түсінікті қарапайым тілмен  жеткізуін сұрады.

Қуандық Бишімбаев, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Жылдың инфляциясын алатын болсақ, біздің көрсеткіштер де көрсетіп отыр 16 пайыздан артып отыр. Ол шындық.  Январьдан бастап бағалардың өсуі 5,6 пайызды құрады. Солай түсіндіруге болады. Бірақ, әрине, бұл техникалық жауап макроэномика жағынан. Оны бірақ, әрине, түсіндіруге қиындау болады.

Тағы бір жаңалық, монополистер енді бірден жауапқа тартылып айыппұл төлемейді. Монополияға қарсы органның жаңа тұжырымдамасы - кәсіпкерге айыппұл салу емес, бәсекелестік заңнамасын бұзушылықтың салдары туралы хабарлау және ескерту. Сондай-ақ монополистерге жауапты органдармен бағаны көтеру немесе түсіру туралы келісім жүргізуге құқық берілетін болады. Министрлік теміржол көлігі, электр энергиясы, газбен жабдықтау және әуежай қызметіндегі бағаны реттеуді 2020 жылға дейін қалдыруды ұсынды. Депутаттардың айтуынша, бұл құжат Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына кіретін елдердің стандарттарына сай жасалып жатыр.

Асхат Күзеков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Мемлекеттің қатынасуын азайттық. Мемлекет қатысып отырса, бизнес дамымайды ешқашан да. Реестр жойылады 2017 жылдан бастап. Сонда монополистер микроскоппен карағандай тексерілмейді. Өз жумыстарын жасай береді.

Саламат ОМАШ