Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Канадада орман өрті дес бермей жатыр

AstanaTV
12.06.2023ж. 10:38
875
Канадада орман өрті дес бермей жатыр

Әлемнің бірнеше елінде алапат өрт болып жатыр. Канадада орман өрті дес бермей жатыр,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы. 

Жыл басынан бері тілсіз жаудан 46 мың шаршы шақырым аумақ күлге айналған. Қызыл жалынды бақылауға алуға ыстық, құрғақ ауа-райы мен күшті жел кедергі келтіріп жатыр. 2 мыңнан аса өрт ошағы тіркелген. 3 мыңдай адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Билік орман өрті жаз бойы жалғасуы мүмкін екенін ескертті. Канадаға жалынмен күресуге Франция, Португалия, Испания, Австралия өз құтқарушыларын жіберген. АҚШ-та жүздеген өрт сөндіруші жіберіп, алдағы күндері қосымша көмек беретінін мәлімдеді.

Канададағы өрттен шыққан түтін АҚШ-тың бірнеше қаласына жетті. Филадельфияда ауа сапасы қатты нашарлап кеткен. Жергілікті әкімшілік мұндай ахуал бірнеше күнге жалғасуы екенін ескертті.