Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Ақмола облысының Атбасар ауданында 10 мың тонналық көкөніс қоймасы салынуда

26.06.2023ж. 20:00
703
Ақмола облысының Атбасар ауданында 10 мың тонналық көкөніс қоймасы салынуда

Ақмола облысының Атбасар ауданында 10 мың тонналық көкөніс қоймасы салынуда. Нысан еуропалық үздік технологиялар бойынша бой көтеруде. Өнімді сақтауға ыңғайлы болу үшін 16 секторға бөлінген. Құрылыс қыркүйек айында аяқталады.

Ауылдық округте халық саны жыл санап артып келеді. Жас мамандар көбірек тартылуда. Әсіресе, ауылшаруашылық саласына басымдық берілуде. Олар ауылда мал шаруашылығын дамытпақ.

Алтынбек ҚҰРМАНҚҰЛОВ, ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Жыл сайын ауылымызды дамытуға қомақты қаржы құйып жатырмыз. Дәнді дақылдар мен сүт өнімдерін өндірумен айналысамыз. Үш жыл бұрын 300 басқа арналған тауарлы-сүт фермасын салдық.

Қойманың жабдықтары толығымен автоматтандырылған. Заманауи технология өнімді бір жыл сақтауға мүмкіндік береді. Айтпақшы, бұл облыстағы алғашқы көкөніс қоймасы. Құрылыстың тең жартысынан астамы салынған.

Мұрат САДВОҚАСОВ, БАС АГРОНОМ:

Құрал-жабдықты Германиядан алып жатырмыз. Сақтауға ыңғайлы болу үшін барлығы қарастырылған. Сыйымдылығы 618 тоннадан тұратын 16 секторға бөлінеді. Желдету жабдығында картопты сақтауға қажетті температура мен ылғалдылықты бақылайтын қондырғы болады.

«Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында жолдар асфальтталып, Мәдениет үйі қайта жөндеуден өтті. Сондай-ақ ауылға жас және тәжірибелі мамандарды шақырады. Оларға орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған жаңа жайлы үйлер берілді. Жақында ауылда дәрігерлік амбулатория салынып дәрігерлер тартылады, - деп жоспарларымен бөлісті Ербол Атығаев.

Ербол АТЫҒАЕВ, МАКСИМОВКА АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ:

Максимовка ауылының жартысынан астамын құрайтын 9,5 шақырымға асфальт салдық. Мемлекеттік бағдарламамен қатар шаруалар ауылға қаржы бөліп келеді. Бұрынғы балабақша ғимараты жөнделіп, жатақханаға айналдырды.

Айта кетейік, 4 жыл бұрын салынған жабық хоккей корты ауыл тұрғындарының сүйікті спортына айналды. Ауыл балалары хоккейге үлкен қызығушылық танытып, турнирлерде жүлделі орындарға ие болуда. Жалпы ауылдан бұқаралық спорт жақсы дамып келеді.