Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

"Таныстарым қайтыс болды": танымал актер Болат Әбділманов ұшаққа мінуден неліктен қорқып қалғанын айтты

AstanaTV
27.06.2023ж. 23:57
1450
"Таныстарым қайтыс болды": танымал актер Болат Әбділманов ұшаққа мінуден неліктен қорқып қалғанын айтты

Қазақстанға танымал театр және кино актері Болат Әбділманов ұшаққа отырудан қорқатынын айтты. Бұл туралы АйнаLine бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Ұшаққа отырмауға тырысамын. Өзімнің көлігіммен немесе пойызбен баруға тырысамын. Ұшаққа отыруға қорқамын. Бірақ кейде көлік те, пойыз да бармайтын жерлер болса, ұшаққа отырамын, әрине. Жұмыс бабымен шетелдегі түсірілімдерге барғанда отыруға тура келеді. Ал еліміздің кез келген аймағына басқа көліктермен жетемін. Ұшаққа мінген соң, дұғаларымды оқимын. Басқа адамдар алаңсыз ұйықтап немесе кітап оқып отырады ғой. Ал мен әрдайым ұшақтың моторының даусына, басқа да дыбыстарға елеңдеумен отырамын. Негізі, бұрын қорықпай отыра беретінмін. Қырық жасқа таяғанда ұшақтан қорқа бастадым. Санамда бір өзгерістер болды. Таныстарым ұшақ апатынан қайтыс болды. Театрдағы бір актердің анасы осы ұшақ апатынан қайтты. Соның бәрі әсер етті", - дейді Болат Әбділманов.