Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Қарағанды облысында депутаттардың қолдауымен соңғы 2 жылда 31 отбасы баспаналы болған

29.06.2023ж. 20:00
727
Қарағанды облысында депутаттардың қолдауымен соңғы 2 жылда 31 отбасы баспаналы болған

Қарағанды облысында депутаттардың қолдауымен соңғы 2 жылда 31 отбасы баспаналы болған. Олар- көпбалалы, мүгедек бала тәрбиелеп отырған немесе асыраушысынан айырылған жанұялар.

Ақнәзік Махатова осыдан бір жыл бұрын өрімдей бүлдіршіндерімен жесір қалған. Күйеуі кенеттен көз жұмыпты. Үлкені 8 , ал кенжесі 2- ге енді толды. Онсыз да пәтер жалдап күнелткен отбасы пәтерақысын төлей алмай «Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығының көмегіне жүгінеді. Демеушілердің бірі су жаңа үйден 1 бөлмелі пәтер сатып берсе, бірі жөндеуін, бірі жиһазын сыйлапты.

Ақнәзік МАХАТОВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:

Үйге көмек сұрадым, өйткені өзім жалдамалы пәтерде тұрам ғой. Ол кезде жұмысқа шығуға мүмкіндік болған жоқ, балам кішкентай төсте болды. Бірнеше айдан кейін хабарласты сізге демеуші бар үй алып беруге деп, жаңа новостройкадан үй берді. Депутаттар көмектесті ремонт жөндеу жұмыстарын жүргізіп берді.

Ал «Шаңырақ» орталығы Ақнәзікті қоғамдық жұмыстарға тартты, содан бері көпбалалы ана осында. Өмірде өз орнын тапқанын айтып ағынан жарылды. Айта кетейік орталықты Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты, «Amanat» партиясы Фракциясының мүшесі Ләззат Қожахметова басқарады. Өзі де көп бала тәрбиелеп отырған ана мұқтаж жандарға көмектесудің түрлі тәсілдерін біледі.

Ләззат ҚОЖАХМЕТОВА, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

«AMANAT» партиясының «Бақытты обасы» партиялық жобасының аясында Қарағанды қаласында, Қарқаралы, Шет, Бұқар жырау аудандарында «Шаңырақ » көпбалалы отбасыларды қолдау орталығын аштым. Біз мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде жұмыс істейміз. Қайырымдылықпен айналысамыз. Осы 2 жылдың ішінде 31 көпбалалы отбасына демеуші тауып, баспана алып беруге мұрындық болдық.

Ашылғалы 4 жылда ұйым 2-3 мың отбасын тізімге алған. Олар- көпбалалы, мүгедек бала тәрбиелеп отырған немесе асыраушысынан айырылған жанұялар. Аналар әкімдікке, халыққа қызмет көрсету мекемелеріне бармайды. Орталықта мемлекеттік бағдарламалар жайында кешенді қызмет алады. Тегін әлеуметтік қызметкер, психолог, заңгерлер көмектеседі.

Әсел ТӨРЕХАНОВА, КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ:

Қандай көмек сұрайды бәрін атқарамыз. Еңбек сайты бойынша бүкіл қызметті атқарамыз, бәрі тегін. ЦОН- ның қызметі, садикке кезекке тұру, поликлиникаға тіркеу, ауыстыру бәрін өзіміз істеп береміз.

Мұнымен қоса отбасындағы ынтымақтастық нығайтатын түрлі идеологиялық байқаулар, аналарды тегін оқыту курстарын ұйымдастырады. Әрине ең басты мәселе ол - баспанамен қамту. Қазір 42 отбасы пәтер кезегінде тұр. Еріктілер оларға демеушілер іздеуде.