Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

ТЖМ басшылары 100 мыңнан 4 млн теңгеге дейін пара алған

20.07.2023ж. 20:00
1201
ТЖМ басшылары 100 мыңнан 4 млн теңгеге дейін пара алған

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов жемқорлық жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитеті растады. Сондай-ақ Төтенше жағдай министрлігінің комитет төрағасы және департамент басшылары 100 мыңнан 4 млн теңгеге дейін пара алған деп күдікке ілінді. Жасырын іс-шаралардың нәтижесінде Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы, сондай-ақ Шымкент қаласы мен Жетісу облысы бойынша департамент бастықтары ұсталды. Олар қызметтерін асыра пайдаланып, жүйелі түрде пара алды деп айыпталып отыр.

Асхат ЖҰМАҒАЛИ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Олардың барлығы кәсіпкерлерден өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметіне қамқорлық жасағаны үшін жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінді. Пара сомасы жүз мыңнан төрт миллион теңгеге дейін болған. Күдіктілер қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

https://youtu.be/FVwnuXWwM4U