Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Жұмыс барысында қаза тапқан өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің өміріне негізделген телехикая жарыққа шығады

21.07.2023ж. 20:00
755
Жұмыс барысында қаза тапқан өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің өміріне негізделген телехикая жарыққа шығады

Астанада марқұм өрт сөндіруші, батыр Асқар Забикулиннің өміріне негізделген телехикаяның түсірілімі жүріп жатыр. Түсірілім алаңына ақпарат және қоғамдық даму министрлі Дархан Қыдырәлі барды. Асқар Забикулиннің жан-жары мен қыздары да осы алаңнан табылды. Министр жаужүрек өрт сөндірушінің балаларына сыйлықтар табыстады. Сериалды түсіріп жүрген ұжыммен танысып, сәттілік тіледі.

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:

Еңбек адамына деген құрмет. Мемлекет басшысы айтқан қарапайым адамдарды, қарапайым батырларды көрсете білу осы сериалдардың өзегі ғой деп ойлаймын. Өйткені, біздің батырларымыз сыртта жүрген жоқ. Өзіміздің арамызда қиын-қыстау сәт туған кезде олар арамыздан шығып, өздерінің өмірін ел үшін, жақындары үшін, тіпті танымайтын азаматтар үшін қия алады.

Құтқарушы былтыр Астанадағы тұрғын үйде шыққан өрт кезінде адамдарды құтқарып, өзі қаза тапты. Оқиға желісі Асқар Забикулиннің өміріндегі деректерге негізделген.

Айдар КӘРІМБАЕВ, АТҚАРУШЫ ПРОДЮСЕР, СЦЕНАРИЙ АВТОРЫ:

Жазып бастағаннан кейін біз бәріміз кездестік. Әнелмен әйелі, коллега, КТИ-да бірге оқыған курсанттармен, даже дворовой, мектепте оқып жүрген жігіттермен кездестік. Барлығы айтады , «ол лидер» - деп.

Қаза тапқан құтқарушының рөлін актер Жандос Сейдәлі сомдайды. Оның айтуынша бұл түсірілім физикалық және психологиялық тұрғыда үлкен дайындықты талап еткен.

Жандос СЕЙДӘЛІ, АКТЕР:

Тек қана отбасы емес, бүкіл елдің алдында және біздің нағыз батыр мамандық жігіттердің жұмыстарын дәріптеу ол үлкен жауапкершілік талап етеді.

Түсірілім барысы өте әсерлі өтіп жатыр. Команда мен батырдың отбасы арасында тығыз қарым-қатынас бар екенін байқадық. Әсіресе, Асқардың рөлін сомдайтын актер мен марқұмның қыздары бір-біріне бауыр басып үлгерген. Телехикаяның атауы - «Қаһарман». Сериал халыққа құтқарушылардың жұмысы мен ержүректігін дәріптейді.

Дәулет БЕКМАҒАНБЕТОВ, РЕЖИССЕР:

Бұл жалғыз Асқарға арналған жоқ сериал. Асқар деп түсіреміз, бірақ осы өртсөндірушілер, қаншама батырларымыз өзінің жанын қиды. Біреудің өмірін құтқарамын деп кеткен батырлардың құрметіне деп ойлаймын.

Қаһарман құтқарушының өміріне негізделген телехикая Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша түсіріліп жатыр. 16 бөлімнен тұратын фильм қыркүйек айында "Астана" телеарнасынан көрсетіледі.