Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Астанада екі жасөспірім АИТВ індетін жұқтырды

AstanaTV
24.07.2023ж. 17:41
754
Астанада екі жасөспірім АИТВ індетін жұқтырды

Астананың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова РСК брифингінде қаладағы ВИЧ індетіне қатысты жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

БАҚ өкілдері Астанада жыл басынан бері қанша ВИЧ инфекциясы анықталғанын сұрады.

"Статистикаға сүйенсек, жарты жылда Астанада ВИЧ инфекциясының 206 жағдайы тіркелген. Қателеспесем, екі жағдай жасөспірімдер арасында", - деді Сархат Бейсенова.

Бұған дейін елорданың бас санитарлық дәрігері Астанада қызылша, А және В гепатиті ауруларының да көбейіп жатқанын айтқан болатын. Сондай-ақ ол белгісіз жерлерде және субұрқақтарда суға түспеуге кеңес берді, өйткені мұндай жағдайда энтеровирустық инфекцияны жұқтыру қаупі бар.