Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

28 шілдеде Алматы тауларында сел жүру қаупі бар - ТЖМ ескерту жариялады

AstanaTV
27.07.2023ж. 22:18
1376
28 шілдеде Алматы тауларында сел жүру қаупі бар - ТЖМ ескерту жариялады

Алматы тауларында сел қаупі жоғары деп жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

28 шілдеде Алматы қаласы және оған іргелес таулы жерлерде кейде қатты жаңбыр мен бұршақ жауып, найзағай ойнайды деп күтілуде.

«Құрметті туристер, Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары:

- таудағы жағдай туралы БАҚ хабарларын үнемі қадағалап отырыңыздар;

- егер қауіп төнсе, немесе кенеттен сел болса, рельефтің ең биік нүктесіне көтеріліңіздер;

- демалуға тоқтамаңыздар және сел қауіпті каналдардың жанында, көл көпірлерінде (бөгеттерде) лагерьлер құрмаңыздар» делінген ескертуде.