Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Арбаға таңылғандар арасында спорттық биден ІІІ Халықаралық турнир басталды

AstanaTV
08.04.2016ж. 20:00
1787
Арбаға таңылғандар арасында спорттық биден ІІІ Халықаралық турнир басталды

Бүгін Астанада арбаға таңылған жандар арасында спорттық биден «KAZAKHSTAN OPEN-2016» Халықаралық турнирі басталды. Дәстүрлі сипат алған жарыс үшінші рет өткізіліп отыр. Турнирге еліміздің сегіз өңірімен қатар Ресей, Қырғызстан, Австрия мен Грузиядан қатысушылар келді.

Сайыс қорытындысы бойынша әлемдік деңгейдегі және Азия құрлығында өтетін жарыстарға жолдамалар ойнатылады. Айтулы дода «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы шеңберінде өткізіліп жатыр. Мәдениет және спорт министрлігі, Ұлттық паралимпиадалық комитеті ұйымдастырған турнир екі күнге жалғасады.

Әлия Түсіпбекова, ҚР қазіргі заманғы және спорттық билер федерациясының президенті:

Турнир бағдарламасы өте қызық. Бұл шара арқылы салауатты өмір салтын ұстанатын мүмкіндігі шектеулі жандарға, паралимпиадалық спорт түрлеріне қатысатын спортшыларға олармен әрдайым бірге екенімізді, би мен өнерде шектеу жоқтығын көрсеткіміз келеді.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ