Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Президент Ақордада Юрий Лужковты қабылдады

AstanaTV
28.10.2016ж. 20:00
2173
Президент Ақордада Юрий Лужковты қабылдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеу қаласының бұрынғы мэрі Юрий Лужковпен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қізметі хабарлады. Кездесу барысында президент Юрий Лужковтың Астана мен Мәскеу арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға сіңірген айрықша еңбегін атап өтті. Сондай-ақ оны 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Рад вас видеть сегодня таким крепким, здоровым. Поздравить с юбилеем. Пожелать всего доброго и продолжать наши добрые отношение. Вы сделали очень многое для сотрудничества Москвы с Казахстаном.  Самое доброе чувство, добрая память о тех отношениях. Вот так должно быть.

Мәскеу қаласының бұрынғы мэрі Мемлекет басшысын және барша қазақстандықтарды республика тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтады. Өзіне көрсетілген құрмет пен кездесуге мүмкіндік туғызғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа ерекше алғысын білдірді.

Юрий Лужков, Мәскеу қаласының экс-мэрі:

Нұрсұлтан Әбішұлы ұлы Қазақстанды аяғынан тұрғызды. Мен Мәскеу мэрі ретінде де, одан кейін де осы ұлы істе президентке көмектесуге тырыстым. Нұрсұлтан Әбішұлы халық үшін үлкен жұмыс жасап отыр. Бүгін біз үлкен әрі маңызды кездесу өткіздік деп ойлаймын.