Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Найзағай, жаңбыр, бұршақ: 13 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

AstanaTV
23.08.2023ж. 08:12
2688
Найзағай, жаңбыр, бұршақ: 13 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

"Қазгидромет" синоптиктері бүгін, 23 тамызда қолайсыз ауа райына байланысты 13 өңірде ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Батыс Қазақстан облысында найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 23 тамызда облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі бар. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде, төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде найзағай. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде, солтүстігінде 15-20 м/с. 23 тамызда облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында нөсер жаңбыр жауады. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, күндіз бұршақ жауады. Желдің бағыты оңтүстіктен солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық сақталады. 23 тамызда облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Абай облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 23 тамыз жоғары өрт қаупі бар.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 23 тамызда жоғары өрт қаупі бар.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады, дауыл соғады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 23-28 м/с. 23 тамызда облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. 23 тамызда облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. 23-25 тамызда Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл соғады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, орталығында 15-20 м/с болады. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38 градус қатты ыстық сақталады. 23 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с. 23 тамызда Қостанай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық сақталады. 23 тамызда облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық болады. 23 тамызда облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі бар.

Павлодар облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с болады. 23 тамызда Павлодар облысында жоғары өрт қаупі бар.