Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Қазақ-қырғыз шекарасындағы кептеліс: Қаржы министрлігі қазіргі жағдайды баяндады

AstanaTV
29.08.2023ж. 08:00
1004
Қазақ-қырғыз шекарасындағы кептеліс: Қаржы министрлігі қазіргі жағдайды баяндады

Қаржы министрлігі қазақ-қырғыз шекарасындағы қазіргі жағдай туралы мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министрліктің мәліметінше, жүк көліктерінің кептелісі жеміс-көкөніс өнімдерін тасылмалдау мен жазғы кезеңде жолаушылар ағынының өсуіне байланысты пайда болған.

“Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі шекара аумағында, оның ішінде өткізу пункттерінде заңсыз қызметке қарсы іс-қимыл бойынша белсенді шаралар кешені жүргізілуде. Қазіргі уақытта өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді, тәулігіне орташа есеппен шекараны 350-400 жүк көлігі кесіп өтеді", – делінген министрлік хабарламасында.

Сонымен қатар, қос елдің фискалдық органдары көлеңкелі тауар айналымына қарсы іс-қимыл бойынша шаралар атқарып жатқаны да атап өтілді.