Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Президент Әкімшілігінің құрылымы қайта құрылды

AstanaTV
01.09.2023ж. 15:08
474
Президент Әкімшілігінің құрылымы қайта құрылды

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымын қайта құру туралы Жарлыққа қол қойды,-деп хабарлайды Ақорда. 

Осы құжатқа сәйкес Президент Әкімшілігінің жаңартылған құрылымына келесі лауазым иелері кіреді:

▪️Президент Әкімшілігінің Басшысы;

▪️Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы;

▪️Президент Кеңсесінің Бастығы;

▪️Президенттің көмекшілері;

▪️Президенттің кеңесшілері;

▪️Президент Әкімшілігінің бөлімдері.

Жарлыққа сәйкес:

– ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері бойынша;

– экономикалық мәселелер бойынша;

– халықаралық мәселелер бойынша;

– құқықтық мәселелер бойынша;

– ғылым және инновация мәселелері бойынша Президенттің көмекшілері лауазымдары енгізіледі.

Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары лауазымдары жойылады. Сондай-ақ Президент Әкімшілігінің төрт бөлімі қысқарды.