Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

«Әр азамат өзгерісті өзінен бастауы керек»,- А. Жұмаділдаев

04.09.2023ж. 20:00
573
«Әр азамат өзгерісті өзінен бастауы керек»,- А. Жұмаділдаев

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жасаған Жолдауында бірқатар маңызды мәселелер көтерілді. Дегенмен еліміздің әрбір азаматы өзгерісті өзінен бастауы керектігін ұмытпағаны жөн». Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Ұлттық Құрылтай мүшесі Асқар Жұмаділдаев осылай деді. Ғалым мемлекет басшысы ұсынған саяси реформалар сәтті іске асуына халық өз ықпалын тигізіп, қоғамдық сананы өзгерту қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ ол өз тарапынан ғалымдардың әлеуметтік дәрежесін көтеріп, отандық ғылыми журналдарды көптеп шығаруды ұсынды. Президенттің экономиканы ғылым мен инновацияға сүйене отырып, дамыту керек деген ұстанымын ерекше қолдап отыр.

Асқар ЖҰМАДІЛДАЕВ, ҚР ҰҒА АКАДЕМИГІ, ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ МҮШЕСІ:

Президент Тоқаевтың сөзін мен екі рет тыңдадым соңғы кезде. Біріншісі – Түркістандағы Құрылтайда. Екіншісі – кеше Парламенттің отырысында. Түркістандағы негізгі ой руханият жағында болса, екінші сөзі – ол экономика жағына басымдық берді. Білім, ғылым, жаңа технология және креативті экономика. Өте орынды, өте маңызды нәрселер айтылды. Ендігі мәселе – осы айтылған ұсыныстардың жүзеге асырылуы.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының Президенті Күнсұлу Закария да Президент Жолдауына қатысты өз пікірімен бөлісті. «Мемлекетіміз белгілі бір жетістікке жетуі үшін еңбекқор, талапшыл жастарды тәрбилеу керек»,- дейді ол. Айтуынша, бүгінде көзі ашық, көкірегі ояу, ғылымға бет бұрған жастардың қатары көбейіп келеді. Алайда, оларға мемлекеттік қолдау қажет.

Күнсұлу ЗАКАРИЯ, ҚР ҰҒА ПРЕЗИДЕНТІ, ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ МҮШЕСІ:

Осы жылғы Жолдауда көп мән ғылымға берілді. Неге десеңіз, ІТ - технология, агротехнология, электр, су тапшлығы, транспорт және коммуникация - сол ғылым саласындағы бағыттар. Саяси тұрғыдан біздің отандастарымыздың әлеуетін көтеруіміз керек, мәдениетін көтеруіміз керек. Ол негізі білім мен ғылымның күшінде болатын дүние.

https://youtu.be/QK3T4UNtVio