Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

"Starship кемесі ғарышқа ұшуға дайын": Илон Маск ғарыш кемесінің суретін жариялады

AstanaTV
06.09.2023ж. 18:27
731
"Starship кемесі ғарышқа ұшуға дайын": Илон Маск ғарыш кемесінің суретін жариялады

Tesla және SpaceX компаниясының басшысы Илон Маск өзінің X (Twitter) парақшасында Техастағы Бока Чика ғарыш айлағы алаңынан Starship аса ауыр ғарыш кемесінің жаңа суреттерін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Starship кемесі ғарышқа ұшуға дайын. Масктың айтуынша, Starship АҚШ федералды авиация басқармасының ұшу лицензиясын мақұлдауын күтуде.

Зымыранның негізгі жүйелерін сынау үшін SpaceX оны отынмен және тотықтырғышпен толтырды. Содан кейін ол қозғалтқыштарды бірнеше секундқа қосты. Сынақ жоспарлағандай, олардың күші зымыранды жерден жоғары көтеруге жеткіліксіз болды.

Сынақ Техас штатындағы Бока Чика қаласының маңындағы SpaceX ғарыш айлағында өтті.